» Материалы за 05.04.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Әжелер сайысы: Әжесі бар үйдің кәдесі бар»

Автор: admin от 5-04-2018, 05:04, посмотрело: 97

1
КМҚК «№172 бөбекжай балабақшасында» Ұлыстың ұлы күні Наурыз
 
мерекесіне арналған әжелер сайысы өтті. Сайысқа балабақшада жұмыс
жасайтын әжелер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әжелер сайысының
мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі
ету, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, әжелер
өнегесінің ерекшелігін ашу болып келеді.
Ақ жаулықты әжелер ортаға шығып, өздерінің отбастарымен
таныстыру, «Ұлттық бас киім», «Салт-дәстүрлер», «Ұлттық тағам » - сайыс
түрлері бойынша жарысқа түсті.
Әділ қазылардың шешімі бойынша сайыстың бас жүлдесін балабақша
қоймашысы Мандиева Бақытгүл иемденді. Бірінші орынды еден жуушы
әжеміз Тұяқбаева Хадиша мен тәрбиеші көмекшісі Сейсенова Сылдыр
бөліссе, екінші орынға тәрбиеші әже- Темірбекова Гүлнархан, аспазшы әже –
Шайжанова Қалдыгүл, еден жуушы әже- Райымова Сақып шықты. Үшінші
орынды тәрбиеші көмекшілері Ибрайымова Игілік, Сатаева Гүлжахан,
Жалбиева Рабиға апалар бөлісті.
Әжелерге сый-құрмет көрсетіліп, сыйлықтар ұсынылды.

Категория: О детском саде