26
март
2019
"Құтты болсын, Әз Наурыз! "
20.03.2019 жылы Наурызбай ауданы КМҚК «№172 бөбекжай -балабақшасы» мектепке дейінгі мекемесінде бүлдіршіндерге арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар өткізілді. Музыка жетекшілері Ермекұлы Е., Құдайбергенова Л. және тәрбиешілер Керімқұлова С., Сәрсенова Ә. бірігіп құрастырған мерекелік бағдарлама бойынша, бүлдіршіндер ауылдағы әжелерін мерекелерімен құттықтап, қонаққа келеді. Әжелері балаларды қуанып қарсы алып, наурыз көжеден дәм таттырып, наурыз мерекесі туралы әңгімелерін айтып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен мағлұмат берді. Балалар әжелеріне өз өнерлерін көрсетіп, Қыдыр атадан бата алды. Ауылға Алдар көсе де ат басын тіреп, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырды. Балалар «Бұқа тартыс», «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Көкпар» ойындарын ойнап, күш сынасты. Мерекелік іс-шара балаларды қуаныш сезіміне бөлеп, ұлттық дәстүрлер туралы білімдерін шыңдады.