"Наурыз келді қалама!"
Балабақшада "Наурыз келді қалама!" атты тақырыптық іс-шаралар жүргізілді. Іс-шаралар мақсаты балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы мәлімет беру болды. Мысалы : "Ат қою", "Ашамайға мінгізу", "Көгентүп" дәстүрлері көрсетіліп, балалар өздері қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғынды. Бұл-баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету болып келеді.