22.11.2018ж. Қалалық коучинг-семинар
22.11.2018ж. Қалалық коучинг-семинар
Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан» (Страна в которой мы живем...)
«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,
үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса...»
Ахмет Байтұрсынұлы
Қатысушылар:
Алматы қаласы «ҚББЖТҒӘО» мектепке дейіңгі тәрбие мен оқыту бөлімінің жетекшісі Ж.Алиакбарова, «ҚББЖТҒӘО» мектепке дейіңгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері Г.Курманалиева, Наурызбай аудандық білім бөлімінің бас маманы М.Зеитова, Әуезов ауданы КМҚК «№53 бөбекжай –балабақшасы» әдіскері, қалалық әдістемелік бірлестіктің мүшесі Слямова Қ.С.
және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілері.
Семинар-коучингтің кезеңдері:
I-бөлім. «Ұлттық дәстүрім-мақтанышым» көрме
II –бөлім «Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар» оқу қызметі
III –бөлім «Жұптас, топтас, ойлан, бөліс» мастер – класс
ІV – «Сандық диірмен» қорытындылау, бағалау.
Мақсаты:
1.Әріптестермен сыни ойлау дағдыларын одан әрі дамыта отырып, олардың назарын жаңа тәсілдерге аудару.
2. Коучинг тәсілдерін ұғындырып, оларды өз тәжірибесінде қолдануға баулу.
3. Түйінді идеялар арқылы педагогтың біліктілігін арттыру, шығармашылық пен ізденіске жетелеу, жаңа тәсілдерді меңгеруге ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту.
Міндеттері:
- Тақырып бойынша педагогтардың білім деңгейін анықтау.
- Балалардың іс-әрекет деңгейін бағалаудың әртүрлі әдістерін қарастыру.
- Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлердің педагогикалық мағынасын ашу.
Күтілетін нәтиже:
-Тапсырмаларды орындау барысында - рухани жаңғыру бағыттарымен танысады.
- Рухани жаңғыру жолында өз ойларымен, тың жобаларымен бөліседі.
-Түйінді идеялармен жұмыс жүргізуде бірлесе жұмыс жасауға талпынады