Біздің жетістіктеріміз
№172 балабақшада Талқыбаева Мақпал Ембергеновна дене шынықтыру жетекшісі болып жұмыс істегеніне 7 жыл болды. Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жұмыстарына педагогикалық тұрғыдан өте салауатты және салмақты үлес қосып, сонымен қатар кәсіподақ ұйымының хатшысы міндетін қатар атқарып, әріптестерінің алғысына бөленуде. Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы Мақпал Ембергеновнаның еңбегін жоғары бағалап, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.