» Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 
 

«Баланың дене бітімінің ауытқушылық себептері»

Автор: admin от 6-04-2017, 05:03, посмотрело: 204

0

Наурызбай ауданы

КМҚК «№172 бөбекжай балабақшасы»

Ата –аналарға кеңес.

(Сайтқа мақала.)

Тақырыбы:

                                                            «Баланың дене бітімінің ауытқушылық себептері»

Орындаған :

Дене шынықтыру жетекшісі

Талқыбаева Мақпал Ембергеновна.

Еңбек өтілі 5 жыл.

Жоғары дәрежелі, екінші санатты.

Алматы 2017

«Баланың дене бітімінің ауытқушылық себептері»

Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшада дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.

Дене шынықтыру оқу іс –әрекетінде балалардың ақыл – ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік қасиеттері де қалыптасады. Балалар қимылды ойын кезінде рольдерге бөлінеді, ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау қабілеттері дамиды. Өмірді қорғау денсаулықты нығайту, бала организмін қызметін жетілдіру , оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру дене жағынан тәрбиеленуші ең басты міндет болып табылады.

Балалардың қозғалысын жетілдіру қимылдық дағдыларын және дененің икемділік , шапшаңдық, күштілік, төзімділік, сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар , дене бітімінің дамуының көрсеткіштері , балалар организміне қоршаған ортаның тигізетін әсерінің деңгейін анықтаумен бірге, салауаттандыру шараларының тиімділігі туралы пікір айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалармен жас өспірімдердің марфологиясы ішкі факторлардың да, сыртқы факторлардың да әсерін корсетеді. Сондықтан да және қолданылып жүрген тәсілдердің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты. Балалар мен жас өспірімдерде дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек. Сондықтан дене бітімінің дамуын бағалауда , бой ұзындығын дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі , сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері, т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілердің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды.

 

 

Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдерін жүргізіледі.

Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары –индекстер, тәсілі қолданылды.

Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер –екі көрсеткіштерден тұрды. (дене салмағы, бой ұзындығы) осы уақытқа дейін жеткен, Бракиндексі бойынша, дене салмағы (кг) бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең.

Мысалы: Бой ұзындығы 95 см болса, дене салмағы 25 кг тең болуы керек. Қазіргі кезде дене бітімінің дамуын бағалауға индекстер тәсілі пайдаланылмайды.

Индекстер тәсілінің орнына Сигмадан ауытқу (дене бітімі дамуының профилі ) келеді.

Сколиоз – омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғанан болатын және жүре пайда болатын түрлері бар.

Туылғаннан болатын сколиоз омыртқа, қабырға мен жауырынның және төс сүйегінің әртүрлі себептерден дұрыс дамымауынан болады. Сколиоздың бұл түрі нәресте туылғаннан кейін немесе алғашқы қадамын жасаған да, кейбір балаларда аурудың белгілері 5-6 немесе 12-14 жаста байқалады. Жүре пайда болатын сколиоздың себебіне қарай Рахиттік, Статик, неврогендік, және үйреншікті (идиопотик) түрлері болады.

Рахиттік сколиоз- негізінен рахит ауруына шалдыққан балаларда кездеседі. Мүндай балалардың сүйектерінің жұмсару себептері олардың ерте отырып, жұмсақ төсекте жатуына байланысты болады. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттің әлсіз болуы омыртқаға түскен әртүрлі күштің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі, Сондай ақ сколиоздың бөлшек-н (омыртқаның тек бір бөлігінің қисаюы) тұтас (омыртқа толықтай қисаюы) сыртқы пішініне қарай:

Сколиоздың алдын-алу :

- Бала жас кезінен бастап дұрыс тамақтану, таза ауада болу, және тәртібімен ұйықтау, дене шынықтыру тәсілдерін қолдануы жөн.

-Бала жихаздары бойына тән болуы тиіс

-Ұйықтағанда баланың басы кішкентай жастықта, денесі қатты төсекте жатуы керек

-Бала бір жағында жатқанда –омыртқа жотасының қисайған омыртқа доғасы астына жастық салып жату керек.

Сколиоз ауруы дамыса, амбулаториялы ем қолдануға болады. Емделуге дене шынықтырумен, спортпен айналысу, бимен, жүзумен, гимнастикамен шұғылданған пайдалы.

Осындай жалпы қабылданған ережелерді сақтау балаға құнды өмір салтын және барынша денсаулығын ұзақ сақтауға мүмкіндік туғызады.

 

Майтабандық- табанның сыртқы және ішкі пішіннің өзгеруі (деформацияға ұшырауы ) салдарынан пайда болатын ауру, тірек қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден буын және сіңірлерден тұрады. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы сіңірлерден тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір - бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен . Бұл аяқтың амортизациялық қабілетін нашарлатады.

Көбінесе мектепке дейінгі балаларда «бойлық майтабандылық» байқалады. Бұл туа біткен және жүре пайда болған түрде болады.

Жүре пайда болатын майтабандарға әсер етуші факторлар:

Баланың артық салмағы,

Сапасы төмен аяқ киім кию(тым жұмсақ немесе қатты табанды аяқ киім, резеңке аяқ киім, өкшесі тым биік немесе өкшесі жоқ аяқ киім)

Баладағы мешел ауруы және кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы

Теріс бітіп кеткен сыну.

Ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт төсек тартып қалу.

Буындардың тым көп қимылдауы

Ауыр көтеру (мысалы бала кезінде өзінен кейінгі іні қарындастарын көтеру)

Майтабандықтың алдын алу:

Балалардағы майтабандылықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады:

-Еден үстінде оқтау немесе кішігірім допты табанмен домалатып сырғанату.

-Еденнің үстіне жұмсақ қағаз төселеді. С оны табанмен қысып умаждау керек.

-Еденнің үстіне шашылып тасталған заттарды табанымен алып, бір орыннан екінші орынға тасымалдау.

-Табанмен сыртқа және ішке қарай шеңберлі қозғалыстар жасау.

- Екі табанның арасына допты қысып көтеру.

-Бөрене үстінде жүру, арқан бойына өрмелеу.

--

 

 

ПОДРОБНЕЕ ПО ССЫЛКЕ:Talkybaeva-sayt.pdf [196,32 Kb] (cкачиваний: 2)

Категория: Информация, Родителям, Администрация

 
 
 

Жолдау

Автор: admin от 6-04-2017, 04:36, посмотрело: 183

0


 

Категория: Информация, Фотогалерея, Развитие

 
 

Сейсмотренировка

Автор: admin от 6-04-2017, 04:24, посмотрело: 273

0

ПОДРОБНЕЕ ПО ССЫЛКЕ:seysmotrenirovka-2016.pdf [610,92 Kb] (cкачиваний: 3)

Категория: Информация, Фотогалерея

 

8 наурыз

Автор: admin от 3-04-2017, 06:18, посмотрело: 127

0

DSC_89281.jpg [5,7 Mb] (cкачиваний: 6)

 

DSC_89771.jpg [5,39 Mb] (cкачиваний: 6)

 

Категория: Мероприятия и праздники, Фотогалерея

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine