09
август
2019
жаз қызықтары-2019
Жаз қызықтары
8.08.2019.
«Экологиялық соқпақ»
(Балабақшадағы мақсатты серуен)
Балабақша ауласына мақсатты серуен жасап, экологиялық соқпақпен балаларды алып жүру үшін, экскурсовод-жүргізуші Қарлығаш апай балаларды алаңға жинады. Экологиялық соқпақ картасын көрсетіп, серуен мақсатын түсіндірді. Музыка ойналып, балалардың жанына «Табиғат періштесі» (Раушан апай) келді. Ол өзін Жер-ана жібергенін, табиғаттың әсемдігін, адам табиғаттың бір бөлшегі екенін түсіндіруді, табиғатты қорғау қажеттілігін балаларға жеткізуді өтінгенін айтты. Балалар карта бойынша экологиялық соқпақпен жүріп, «Саңырауқұлақтар алаңқайына » келді. Ол жерде
«Саңырауқұлақ апа» өзінің кішкентай саңырауқұлақтарымен бірге қарсы алып, балаларға улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтар жайлы мәлімет берді. Кішкентай саңырауқұлақтарымен би биледі. Келесі аялдама «Жәндіктер алаңқайы» болып, балаларды «Көңілді көбелек» қарсы алып, табиғат әлемінің бір мүшесі –жәндіктер туралы әңгімесін айтып, балаларды жәндіктерді қорғап жүруге шақырды, табиғат аясында өзін-өзін ұстау ережелерін түсіндірді. «Экологиялық пирамида» ойынын ойнатты. Балалар карта бойынша келесі алаңқайды іздеп тапты. Ол алаңқайда ағаштардың қорғаушысы «Биші қайың» қарсы алып, ағаштар туралы, оның ішінде қайың ағашы туралы балаларға әңгімелеп беріп, балаларға қайың шырынынан сусын тарту етті.
«Бау-бақша» алаңқайында бағбаншы қарсы алып, Жер-ананың сыйлары туралы, адамдардың бау-бақша отырғызатын мақсаты жайлы әңгімелеп , табиғаттағы еңбектену пайдасын түсіндірді. Балалар «Табиғат періштесіне» табиғатты қорғайтындарын, болашақта эколог мамандығын таңдайтынын, Жер-ананың сыйларын ұмытпайтындарын айтып, Жер-анаға сәлем жолдады. Серуен соңы көңілді биге ұласты.