30
июль
2020
Жаз қызықтары 2020
Балабақшада музыка жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Аңдар достығы" тақырыбында қуыршақ театры көрсетілімі болды. Балалар театрға кассадан "билет" алып кірді. Билет сатушы "Көңілді Күлдіргіш" балаларға жұмбақ жасырып, жауабын дұрыс айтқан балаларға театрға кіру үшін билет берді. Қуыршақ театрында балалар достық туралы, бір-біріне дер кезінде көмекке келу,бірлік пен ынтымақта өмір сүру жайлы мәлімет алып,ертегілер елінде тұрып жатқан аңдардың достығы жайлы көрініс тамашалады."Көңілді Күлдіргіш" балалармен би билеп, көңілдерін көтерді.