« Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері» » ГККП "Ясли сад №172"
Алматы қаласы білім басқармасының
№172 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс тел:
+7 (727) 381-86-24
+7 (701) 988-87-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » « Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері»
09
сентябрь
2020

« Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері»

Мақсаты :
Балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып , отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ереше екенін түсіндіру , ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Балабақша мен ата-аналардың тұрақты қарым-қатынасының тиімді модельдерін іздестіру .
Міндеті :
Педагогикалық үрдіске ата-аналарды жүйелеп тарту.
Біріккен шығармашылық жұмыстарға ата-аналар мен балалар күштерін біріктіру.
Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.
Ата-ананың өмірге деген көз қарасын өзгерту.
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін көрсету .
Кіріспе:
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қоғамдағы ең ірі, маңызды мәселе болып тұр.
«Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы мұң» деп Ұлы Абай айтқандай, балалардың тәрбиесіне ерте жастан мән беру керек.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстазы ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік сияқты қасиеттер отбасында балаға сөзбен , теориямен дамымайды, үлкендердің ісімен сіңеді.
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға . Сондықтан әке де, ана да баларының жан дүниесіне үңіліп мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Әрбір ата-ана балабақшаға келіп күнделікті өткізілетін іс-әрекеттерге қатысып отырса, меркелік ертеңгіліктерге атсалысып жүрсе, ол ата-ана баласының көпшілік ортада өзін қалай ұстайтынын, басқалармен қалай араласып, тіл табысуын, білім деңгейін зерттей алады. Сондай ақ өзінің берген тәрбиесінің дұрыс-бұрыстығына бір сәт көз жүгіртеді. Ата аналарды ұйымдастырылған оқу қызметтеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз баларының ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, балалармен қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па , үйде және балабақшада өзін калай ұстайтынын слыстырады . Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты етіп өткізуіне мейлінше үлес қосу үшін тәрбие шараларына қатысып отырғаны нәтижесін берері сөзссіз. Ата-ана өзінің мінезі , дағдысы іс-әркеті арқылы балаға үлгі көрсетеді. «Жұмылы көтерген жүк жеңіл » дегендей, отбасы және балабақша біріге күш салып, бала болашағына зор үмітпен қарап , түзу жолға салуда ерінбей еңбектенсек, өте жақсы нәтижелерге қол жеткізетініміз айдан анық . Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті , сүйіспеншілікті , жүрек жылуын қажет етіп , ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды . Әрбір ата-ана – өзінің баласының алдында да , мемлекет алдында да жауапты . балабақша мен ата-ана арасындағы тығыз қарым- қатынас , бірлік , ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін пайдасы тиімді болмақ .
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру . Баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Ата-аналарға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастырып, ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен заманауи модельдерін қолданған дұрыс болмақ .
Ата-анамен бірігіп жұмыс жасау тәрбиешінің жұмысын жеңілдетіп , баламен қарым-қатынастары жақсарады. Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда тәрбиеші жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп , түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланғаны жөн .
«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс формалары мен заманауи модельдерінің» түрлері:
Ата-аналар конференциясы
Ата-аналар бұрышы
Сұрақтар мен жауаптар кеші
Ата-анамен жеке жұмыс
Тенингтер
Көрмелер
Отбасылық сайыстар
Тәрбиелеудің үш көзі
Ашық есіктер күні
Сауалнама жүргізу
Бақытты отбасы газеті , отбасылық альбомдар
Ата-аналар конференциясы : конференцияның негізгі мақсаты –отбасылык тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Бұл форманың бағалылығы мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар , аудандық білім бөлімінің қызметкерлері , медициналық қызмет өкілдері ,педагог-психологтар қатысады.
Ата-аналар конференциясы белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары және ата-аналардың мәдениетін арттыратын формалардың бірі.
Ата-аналар бұрышы: ақпараттық насихаттаудын бірден бір көзі. Ата-аналар бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі :
-Ақпараттық сипаттағы материалдар: ата-аналарға арналған ереже, күн тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар.
-Балабақша мен отбасында бала тәрбиесі сұрақтарын жариялайтын материалдар. Онда баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша ағымдағы жұмыс көрінеді .
Сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі болып табылады . Бұл форма бала дамуындағы кейбір мәселерді талқылауға мүмкіндік береді .Ата-аналар сұрақтарына жауап бере отырып , педагог ата-аналарға кәсіптік көмек беруге тырысады.
Ата-анамен жеке жұмыс: отбасы мен балабақша өзра іс-әрекетінің басты формаларының бірі болып табылады. Бұл форманың артықшылығы , отбасын зерттеу , ата-аналармен сұхбат, ата-аналардың балалармен топта , үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде. Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы.
Тренинг: ата-анамен жұмыстың бір формасы . Тренинг –білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайда жүйелі күш салу арқылы орындау. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары ата-ана және баламен іс-әрекеттің қарым- қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Ойын тренинігіне тартылған ата-ана баламен сөйлесіп, балның ашылуына көмек береді.
Көрмелер:. ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейлінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін ата-анамен жұмыстың тиімді формасы болып табылады. Отбасылық альбомдар, қолдан жасалған ойыншықтар, отбасылық газеттер жасауға ата-аналар белсене қатысады. Ата-аналардың бойында ізденуге деген талпыныс күшейе түседі.
Ата-аналар әртүрлі тақырыпқа сай сәндік сурет салу ,немесе қалдық заттардан бұйымдар жасауға жетекшілік етеді.
Отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары баланы салауатты өмір салтына бейімдейді.
Отбасылық сайыстар :Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген қарым-қатынасы нығая түседі. Ата-аналар арасында балабақша ішілік іс-шараларға деген қызығушылықтары мен бәсекелестік артады.Ата-ана балабақшадағы отбасылық сайыстарға ,іс-шараларға қатысқан кезде балаға жақын болудың, онымен ашық сөйлесудің, балаға көбірек көңіл бөлудің маңыздылығын түсінеді.
Ашык есік күні: Ата-анамаен мейлінше кең тарған жұмыс формасының бірі. Ата-аналарды тәрбиелеу, оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға , қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ашық есік күніне ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады,баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.
Сауалнама жүргізу: саулнама жүргізу барысында ата-аналар бала тәрбиесіне деген көптеген сұрақтардың жауабын ала алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс тилектерімен санаса отырып, отбасы тәрбиесіне байланысты педагогикалық әдіс тәсілдер қарастырылады .
Отбасылық альбомдар, бақытты отбасы газетінде ата-аналар ынтымақтаса баламен бірге орындаған жұмыстардың нәтижелерін корсетеді. Ата-анамен жұмыстың осындай формалары балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді.
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлінің маңызы:
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түседі. Баалабақшада оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басты рөлін мойындай отырып, бірлесіп жүмыс істеуде түрлі әдіс тәсілдерді,ата-аналар мен жұмыс формалары мен заманауи модельдерін қолданғаны оң нәтиже бермек.
Білім қазынасын балабақшадағы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетіміз. Еліміздің болашағы –ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз.Тәрбиенің негізі ана сүтімен, ана тілімен ,ең алғашқы бесік жырының әлдиімен беріледі.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. « Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын азамат деген атқа лайықты етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінде ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады.
Отбасы- бұл баланың өмір сүру ортасы, қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орны.
Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әректі арқылы баласына үлгі көрсетеді. Отбасы адамзат тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ ,бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Бала тәрбиесі- ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланысу арқылы одан әрі жалғасады. «Бақытты балалық шақ » деген ұғымның өзі отбасы мен балабақшаның тығыз байланыста ұйымдастыра жүргізген жұмысының нәтижесі іспетті. Балабақша мен отбасы арасында тығыз сабақтастық қажет, өйткені осы бағыттағы тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болмақ . Жүсіп Баласағұнның зерделі ойлары біздің өрбітіп отырған мәселеміздің түйінін шешкендей
Бала білім жалын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ білім шоғын көсеңіз,
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйыт,сүттей сіңір қанына. Бала тәрбиесіне тек балабақша ғана емес отбасы мүшелерінің тигізер әсері мол. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі бала.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Ата-аналармен бірлесе жасаған жұмыстың маңыздылығы:
Ата-аналар балабақшадағы оқу қызметтеріне, іс-шараларға қатысқан кезде балаға жақын болудың, онымен ашық сөйлесудің, балаға көбірек көңіл бөлудің маңыздылығын түсінеді.
Әке де, ана да баларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшкліктерді жете білгені жөн. Өкінішке орай өз баласымен ашық сөйлесе, сырласа білмейтін ата-аналар болады. « екуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді , баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Әрине ол дұрыс емес. Баланың бас ұстазы ата-ана. Көбінесе ата-аналар тарапынан мектепке дейінгі ұйымдарға көңілі толмай тұстары болып жатады. Себебі ата-аналар баланы таңертең балабақшаға қалдырады, ал кешке дейінгі мұндағы атқарылатын жұмыс түрінен бейхабар. Ата-аналар кунделікті балабақша ішілік жұмыстарға қатысып отырса тәрбиешіге оқу қызметіне көмектеседі, балалрының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары турулы мәліметтер бере алады, мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады. Мен өзімнің іс-тәжірибемде « Менің бір күнім» атты газетті қолдана отырып ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиесіндегі рөлін анықтап, ата-аналарға бала тәрбиелеуге қатысты педагогикалық кенесті дер кезінде бере білдім.
«Менің бір күнім» атты отбасылық газет үлкен алма ағашы. Ағаштың тамыры ата-ана, діңгегі тәрбиеші, жапырағы балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін берері анық. Күнделікті балабақша ішілік жұмыстарға, іс-шараларға, әр түрлі тақырыптағы әдеби кешткрге, отбасылық сайыстарға қатысқан ата-аналар өздерінің ризашылығын білдіріп, тілкетерін жазып іледі.Осындай отбасылық газеттер балабақша жұмысының артуына оң нәтижесін береді.
Ата-аналар тәрбиеші тарапынан көрсетілген кімектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
«Ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи модельдері» мазмұнынының ерекшеліктері:
Ата-аналар өз балалрының ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, өз баласының дамуын зерттей алады.
Ата-аналар жақынырақ танысып ортақ мәселелерді бірігіп шешуге тырысады.
Ата-ана , бала және тәрбиеші тығыз байланыста болады.Балабақша иен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі.
Ата-аналар тәрбиешінің еңбңгіне оң көзқараспен қарап, ата-аналар алдында тәрбиешінің беделі артады.
Қорытынды:
Қорыта келе айтатын болсам « Ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи модельдерін» қолдануда, балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту барысында, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершіліктері артып, баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің басты рөл атқаратынын сезді. Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен позициясы өзгерді. Көптеген балабақша ішілік іс-шараларға қатысу барысында балаларының алдында ата-аналарының, ата-аналар алдында педагогтар беделі көтерілді. Ата-ана, бала және тәрбиеші тығыз байланыста болып, ата-анаға дұрыс бағыт бағдар берген жағдайда мектепке дейінгі тәрбие сапасы жоғары болмақ.
Амирова Назираш Рымбайқызы.Жоғары дәрежелі, бірінші санатты тәрбиеші.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Телефоны приемной:
+7 (727) 381-8-24