26
апрель
2019
Наурызбай ауданы,"Үздік педагог-2019" байқауы
26.04.2019ж. Наурызбай аудандық білім бөлімі ұйымдастырған "Үздік педагог-2019" байқауының қорытынды іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада үздік деп танылған педагогтар марапатталды. Топ жарып шыққан педагогтар арасынан КМҚК "№172 бөбекжай -балабақшасы" тәрбиешісі Дайрабаева Перизат Жақсылыққызы "Бас жүлде" марапатының иегері болды. Аудандық білім бөлімі басшысы Г.Жомартбай мадақтама табыстаса, аудандық "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағы төрағасы М.Сейтасқаров бағалы сыйлық-мультиварка сыйлап, тәрбиешіге бала тәрбиелеу жолында зор жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді. Марапаттау соңы мектеп оқушылары ұстаздарды құттықтап ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.