15
март
2019
"Жастар жылы-2019" "Көркейеді еліміз, сау болса деніміз!"
1.03.2019.
2019 жылы Елбасымыздың жолдауында «Жастар жылы» деп жариялануы – білім саласындағы жастар саясатына тағы да бір үлкен серпін беретініне сенім білдіре отырып, КМҚК «№172 бөбекжай-балабақшасы» ұжымындағы жастар арасында «Көркейеді еліміз, сау болса деніміз!» тақырыбында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа тек педагог мамандар ғана емес, ұжымда жұмыс жасап жатқан тәрбиеші көмекшілері де тартылды. Эстафеталық жарыс 6 кезеңді құрап, жастар «Баскетбол», «Кім жылдам», «Қасықтағы жұмыртқа», «Теңге ілу», «Қаппен секіру», «Желаяқ» сайыстарында күш сынасты. Әділ қазылар мүшелері : тәлімгер тәрбиешілер Сәрсенова Ә., Жұмабекова Л., әдіскер Сагиева С.- шешімімен «Алғыр жас» номинациясымен-тәрбиеші көмекшісі Темірғалиева Э., «Жігерлі жас» номинациясымен– Нығметова М., «Үлгілі жас» номинациясымен-тәрбиеші көмекшісі Айдарова Г. марапатталды. Меңгеруші Нурасилова А.А.салауатты өмір- салтын сақтаудағы жастардың маңызды ролін атап өтіп, жарысты ұйымдастырушылар- дене шынықтыру нұсқаушылары Талқыбаева М., Хасенова М. және қатысушылардың барлығына алғыс білдірді.