30
декабрь
2019
"Жаңа жылдық ертегі"
Жаңа жылға арналған мерекеде ертегі кейіпкерлері әсем шырша жанына жиналып, жаңа жылды бірге қарсы алуға келісті. Қонаққа Аққоян, Түлкі бикеш, Сиқыршы мырза келіп, кішкентай қонақтармен бірге көңіл көтеріп, өнерлерін ортаға салды. Шырша мерекесінің басты қонағы Аяз ата мен Ақшақар, келер жыл иесі Сұртышқан балаларға сыйлық әкеліп, қуаныш пен шаттық сыйлады.