02
март
2020
"Шексіз талант-2020" байқауы
Наурызбай ауданында мектепке дейінгі ұйымдар арасында "Шексіз талант-2020" байқауы өткізілді. Байқау -мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби құзыреттілігін және кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.№172 балабақша ұжымы "Аспаптық музыка"номинациясы бойынша жүлделі I-орынды және "Хореография"номинациясы бойынша III-орынды иемденді.Жүлдегерлерге Наурызбай аудандық білім бөлімі бас маманы Зеитова М.С. және аудандық"Ұстаз" кәсіподақ филиалы төрағасы Сейтасқаров М.А.мадақтамалар және сыйлықтар табыс етті. Өнерлерің өрге жүзсін,құрметті педагогтар!